Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою рәсімі өтті. Шартқа БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Қайрат Омаров қол қойды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, ядролық қарусыздану тарихындағы алғашқы заңдық күші бар құжатқа айналған шарттың мәтінін әзірлеуге және оның қабылдануына Қазақстан белсенді түрде қатысып келді.
"Құжаттың негізгі ережелері әлемдегі төртінші ең ірі ядролық арсенал иесінен ядролық қарусыздану мен таратпау саласындағы көшбасшы мемлекетке айналудың өнегелі жолын көрсеткен Қазақстанның қағидатты ұстанымына жауап береді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Жалпы ядролық қарудаан бас тартқан Қазақстан бүгінде дүние елдеріне ядролық қарусыз әлем құруды ұсынып келеді. Дегенмен, соңғы кездері әлем елдері арасында қақтығыстар жиілеп, ядролық соғыс қаупі күшейе түсті. Солтүстік Корея өткен жылы ядролық бағдарламаларды дамытуда тың нәтижелерге қол жеткізді. АҚШ президенті Трамп елдің ядролық арсеналын толықтай жаңартуға бұйрық берді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?