Карлес Пучдемон Каталонияны басқарудан бас тартты –деп хабарлайды Крреспондант газеті.
Басылым мәліметінше, Пучдемон Каталонияны кезекті рет басқарудан бас тартатыны жөнінде Брюссель қаласынан жасаған бейне үндеуінде айтқан. Ол онда Каталония басшысы ретінде Жорди Санчесті көргісі келетінін мәлімдеген. Бірақ Жорди Санчес қазір түрмеде отыр. Оған «бүлік шығарды» деген айып тағылған.
Қазіргі таңда Карлес Пучдемон Бельгияда жасырынып жүр. Егер ол Испанияға оралатын болса, тұтқындалады. Себебі ол 2017 жылдың қазан айында Испания билігінің рұқсатынсыз Каталония аумағында тәуелсіз ел болуға байланысты референдум өткізген. Референдум қорытындысы бойынша каталониялықтардың басым көпшілігі дербес мемлекет болуды қалайтындықтарын білдірген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?