Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 16 ақпанда Бұхара облысы Пешкун ауданының белсенділерімен кездесіп, Ұлттық қауіпсіздік қызметін (ҰҚҚ) тағы да қатаң сынға алды. Президенттің сөзінше, Бұхара облысының ҰҚҚ басқармасы кәсіпкерлерге қырғидай тиіп, жазықсыз түрмеге отырғызған, деп хабарлады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
«...Бізде ұлттық қауіпсіздік деген құдай берген бір ұйым бар. Бір мемлекеттік ұйымда қаншама өкілеттік берілген. Сол үшін Бұхара облысында наразылық көбейді. Маған жеткен хат иелері наразы. Мұнда кәсіпкерлерді жойған ұйым әлі жұмыс істеп жатыр», – деді президент.
Шавкат Мирзияевтің сөзінше, өзінде Бұхара облыстық ҰҚҚ басқармасы жасаған қаншама қылмыстық дәлелдер бар.
"Менде тіпті зорлық-зомбылық бейнесі бар суреттер бар. Мен оны жасаған тергеушілердің аты-жөндерін білемін. Құдай денсаулық берсе, зұлымдық жасағандардың бәрін теледидардан көретін уақыт келеді. Мен осылардың бәрін олардың өздеріне сынаймын. Неге? Себебі әділеттілік болу керек. Егер қажет болса, олар жиырма жылға дейін түрмеде отырады», – деді президент.
Мирзияевтің айтуынша, заңсыз әрекеттерден шаршаған кәсіпкерлер Бұхарадан қашып кетуге мәжбүр болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?