Тәжікстанның Хатлон облысы Абдурахмон Жами ауданындағы мектеп директорының бірі былтыр бірде-бір түлегі жоғары оқу орнына түсе алмағандықтан, ұят санап, отставкаға кеткен.
«Оқушыларым үшін мен ұялдым, сол үшін қызметімнен кеттім», - дейді № 59 мектептің бұрынғы директоры Эргаш Абдулхайитов. Оның сөзінше, түлектердің ішінде 11 оқу озаты болған. Бірақ олардың бәрі ғылым жолын қуаламай, Ресейге ақша табуға кеткен.
Бірақ аудандық халықтық білім беру бөлімінің меңгерушісі Туйчи Махмадёрова бірер күн бұрын 5 бірдей мектеп директоры жұмыстан шығарылды дейді. Себебі ол мектептердің оқушыларының сабақ үлгерімі төмен болған.
Ал көрші Кубадиян ауданында 8 мектептің директоры соңғы ескерту алған.
Тәжікстанның білім және ғылым министрі Нуриддин Саид таяуда мектеп директорларына бақылау күшейтіледі деді. «Егер директор 5 жыл ішінде жақсы нәтиже көрсетсе, біз оларды үлгерімі төмен мектептерге ауыстырамыз. Егер оқушылары жоғары оқу орнына түспесе, олимпиадада орын алмаса, онда ол мектептің директоры жұмыстан кетеді», - деген Тәжікстанның білім министрі.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды