Венесуэла халқы азық-түлік пен медициналық дәрі-дәрмектердің тапшылығынан, гиперинфляция салдарынан зардап шегуде. Аймақтағы ең бай елдердің бірі болса да, ел тарихындағы ең ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Al Jazeera ақпарат агенттігі.
Венесуэла Орталық университетінің профессоры Маргарита Лопез Майяның (Margarita Lopez Maya) айтуынша, жергілікті халықта күнделікті тұтынатын азық-түлік жоқ. Қоқыстан тамақ іздеп жүргендерді жиі көруге болады.
Мұнай қоры бойынша ілемнің жетекші елдер қатарына кіретін мемлекет экономикалық құлдырауға қалай тап болды?
Уго Чавес (Hugo Chavez) 1998 жылы президент постына сайланғанда елдегі жемқорлық пен кедейшілікпен күресуге уәде берген болатын.
Ол елдің мұнай байлығын кедейшілікті жойып, халық таптары арасындағы теңсіздікті қысқартуға арналған әлеуметтік бағдарламаларды жүргізуге пайдаланды. Байлар мен кедейлер болып бөлінетін жергілікті халыққа көпшілік осындай бағдарламалар керек деп ойлады.
Чавес Венесуэланы 21-ғасырдың социализміне айналдырғысы келгендіктен, уақыт өте келе оның саясаты радикалды сипатқа ие бола бастады. Ол өнеркәсіпті толықтай мемлекет қолына алып, мемлекеттік бюрократияны күрделендірді. Мұның барлығы мұнайдан түскен пайда және есепсіз алынған қарыздар есебінен жүргізілді. Осылайша Венесуэла қарызға белшесінен батты.
2013 жылдың наурызында Уго Чавес қайтыс болардан бұрын экономикасы әбден әлсіреген ел билігін тапсырды өзінің ізбасары Николас Мадуроға (Nicolas Maduro) тапсырды.
"2013 жылдан бері жалғасып келе жатқан елдегі экономикалық құлдырау АҚШ-тың ұлы дағдарысынан шамамен 2 есе үлкен, жалпы батыс жартышар тарихындағы ең үлкен рецессияға айналды", - дейді Венесуэланың бюджеттік жоспарлау министрі Рикардо Хаусман (Ricardo Hausmann).
Халықаралық валюта қорының болжамына сенсек, 2018 жылы Венесуэланың экономикасы 15 %-ға қысқарып, инфляция 13 мың %-ға жетеді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы