Уго Чавес (Hugo Chavez) 1998 жылы Венесуэла президенті болып сайланды. Al Jazeera мәліметінше, нәсіл мен класқа қатты мән беретін, ақ нәсілділер белгілі артықшылықтарға ие Венесуэла сияқты елде Чавестың жеңіске жетуі расымен тарихи жағдай болды.
"Венесуэладағы саяси реформаның сәтсіздікке ұшырауы" авторы Джулия Бакстон (Julia Buxton): "Ол бұған дейінгі президент сайлауларында, ақ нәсілділер билік етіп үйреніп қалған елде немесе жалпы саясатта болған адамдарға ұқсамайды" деген болатын.
Уго Чавестың президент постындағы алғашқы 3 жылы ұлтты бөліп жіберді. 2002 жылдың сәуірінде елдің мұнай индустриясын басқаруға қатысты дау-дамай шарықтау шегіне жетті. Ұлттық мұнай компаниясы PDVSA-ны бақылауды өз қолына алу арқылы Чавес Венесуэланың ең қуатты, әрі ең үлкен активтің иесі атанғысы келді.
Бакстонның айтуынша, Чавес президент болған сәтте-ақ, елдегі оппозиция бірден көтерілді, себебі оның әрекеті елдегі режимге мүлдем сай келмейтін.
2002 жылы елде әскери көтеріліс болып, Чавесты кеңсесінен қуып шықты. Оны аралда орналасқан әскери базаға апарды. Оппозициялық кәсіпкерлерді біріктіретін орган - Федекамарас (Fedecamaras) президенті Педро Кармона (Pedro Carmana) өзін президент етіп жариялап алды.
Сайлауда Чавесты таңдағандар көшеге көтеріліске шығып, оны билік басына қайтаруын талап етті. Ал 48 сағат өткен соң Чавес қайтадан орнына келді.
Венесуэла Орталық университетінің профессоры Маргарита Лопез (Margarita Lopez): "Нағыз голливудтық кино болып кетті. Чавесті түнде өзінің адамдары тікұшақпен ұшып келгенде күтіп алды. Содан кейін ол "Мен осындамын, енді ұйықтайық. Мен қайтадан президентпін" - деді.
Уго Чавес 2013 жылдың 5 наурызында сырқаттан қайтыс болды.