1988 жылғы Олимпиада ойындары кезінде Солтүстік Кореяның тыңшысы Оңтүстік Кореяның ұшағын жарып жіберген еді. Оңтүстік Кореяның қауіпсіздік күштері тыңшыны тұтқындаған және өлім жазасын берген. Тергеу кезінде әйел тыңшы Ким Жоу Ирдің бұйрығымен бұл қадамға барғанын, оған жүктелген міндет 1988 жылғы Сеул Олимпиадасына тосқауыл қою екенін айтқан. Қастандықтан 115 оңтүстік кореялық қаза тапты.
Солтүстік Корея жіберген арнайы қызметкердің аты Ким Хион Ху. Тұтқындау кезінде Ким Хион Ху мен тағы бір солтүстік кореялық арнайы қызметкер болған. Екеуі де қолға түсер алдында өздерімен алып жүретін улы сұйықтықты жұтқан. Бірақ Ким Хион Ху аман қалған. Кейін Оңтүстік Корея президенті Ким Хион Худы Солтүстік Корея ұшқары идеологиясының құрбаны ретінде, өлім жазасына кешірім берген.
Ол BBC тілшісіне берген сұхбатында: «Сол кезде маған Оңтүстік-Солтүстік Кореяның бірігуіне негізгі рөл ойнайсың деді. Мен бұны қатты мақтаныш еттім. Бірақ мені адам өлтіруге жұмсап жатқанын түсіндім. Менің әрекетімнен жазықсыз адамдар өлмек», – деген. Ол жақында болған Солтүстік Корея лидерлерінің шекарадан өтіп, Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындары жөнінде келіссөздер өткізгенін көрді. Бірақ, Ким Хион Ху бұл әрекеттерді жасандылық деп қарайды.
Ол бұл туралы айтқан пікірінде: «Әрине бұл бір популистік қадам екені рас. Дегенмен, Солтүстік Корея ядролық қаруды дамытуды көздейді, олар келіссөз арқылы өзгеруі мүмкін емес, меніңше Солтүстік Корея тек қысым мен күш арқылы ғана өзгереді», – деген.
Қазіргі кезде Ким Хион Ху күйеуімен ел көзінен жасырын өмір сүріп келеді. Оның күйеуі де Оңтүстік Кореяның арнайы қызметкері. Ол тіпті өзі өлтірген жазықсыз жандардың туыс-туғандарымен де кездескен. Ол сөзінде: «Жарылысты ұйымдастырушы ретінде мен күнәмді өмір бойы өз мойныма алып, өмір бойы сол күнәмді жуып өтемін», – дейді.