Беларусь Донбассқа бітімгер күштерін кіргізуге дайын екендігін мәлімдеді – деп хабарлайды "Известия" газеті.
Ақпан айының 8-і күні Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макей Донбасс дағдарысына байланысты "Известия" басылымына сұхбат берген. Онда ол: «Беларусь жанжалға қатысы бар барлық тараптармен әділ және адал қарым-қатынаста. Біз ешқандай лаврдың артынан қуып жүрген жоқпыз. Донбассқа бітімгер күштерін кіргізу жанжалға қатысушы елдерге көмектесудің қосымша тәсілі. Украина дағдарысын реттеуде Минск келісімін ешнәрсе алмастыра алмайды. Минск келісімінің нәтижесінде қорқынышты ауқымға ие болған қан төгіс тоқтады. «Минск-1», «Минск-2» келіссөздерін сынап жүргендер бірінші осы дүниелерді естеріне алсын» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми іс-сапары кезінде: «Украина дағдарысын шешуде Минск келіссөздері тығырыққа тірелді» - деп мәлімдеп, Украина мәселесі бойынша келіссөздерді Астанада өткізуді ұсынған. Осыдан кейін дәл осы Владимир Макей: «Украинадағы жағдайларды реттеуге байланысты келіссөздерді Минскіден Астанаға ауыстыру мәселені шешпейді. Біз өзгелермен салыстырғанда бітімгерлер лаврының артынан жүгіріп жүрген жоқпыз» - деген болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?