Тәжікстан үкіметі ел аумағындағы 1938 мешіттің жұмысын тоқтатты – деп хабарлайды ca-news.org ақпарат көзі.
Тәжікстан үкіметі жанындағы Дін істері және дәстүрлерді реттеу комитетінің басшысы Хусейн Шокировтың сөзінше, комитет бастамасымен ел аумағындағы мешіттерге тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексеру барысында 1938 мешіттің құжаттары дұрыс болмай шыққан. Осыған байланысты аталмыш мешіттерді жабуға нұсқау берілген.
Бұдан бөлек Дін істері және дәстүрлерді реттеу комитеті Республика бойынша имамдарды аттестациядан өткізген. Нәтижесінде діни білімін өз деңгейінде көрсете алмаған 35 имам қызметінен босатылған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Тәжікстан үкіметі шетелдерде білім алып келген имамдарға мешіттерде жұмыс істеуге тыйым салған. Жалпы ресми Душанбе соңғы уақыттары дін саласын қатаң бақылауға алған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?