Солтүстік Қазақстан облысында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 49 жоба жүзеге асады. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалымен өткен СҚО әкімдігінің отырысында цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында атқарылып жатқан іс-шаралар мәселесі қаралды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
СҚО әкімінің орынбасары Мадияр Қожахметтің айтуынша, «Есіл» өңірлік даму орталығында цифрландыру кеңсесі құрылып, оған білікті IT мамандар шақырылыпты. «Зерде» холдингімен бірлесе отыра облыста «QuickWins» форматында биыл 49 жоба жүзеге аспақ. Аталмыш жобалар облысты цифрландыру концепциясына енгізілді, 8 басым бағыт анықталды. Бұл ауыл шаруашылығы, туризм, және 6 бағыт қауіпсіздік, көлік, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау және қаланы басқару бағыттары «Smart Петропавловск» копцепциясына енді.
«Цифрландыру бағдарламасына 49 жоба енді. Бұл тек басы ғана, алда әлі көп жобалар қосылады. Бұл жұмысқа орынбасар Мадияр Қожахмет жауапты. Басқармалар және әкімдіктермен бірлесе отыра жұмыс жасаңыздар», - деді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?