Ертең яғыни 6 сәуірден бастап Қазақстанда мектеп оқушылары қашықтан оқи бастамақ. Қытайдан бастау алған коронавирус салдарынан елде карантин жарияланып білім және ғылым министрлігі «қашықтан оқу» жүиесін ұсынған.Бұған дейін түрлі аймақтардағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға алдын ала дайындалған. Осы дайындықтың нәтижесінде отыз жылдық «жарқын болашағымыздың» анығы«цифрлы Қазақстан» ұранының арты ашылып қалды.
Өткен жұма күнгі білім және ғылым вице министрі Рүстем Биғари мен «Қазпошта» басқарма төреғасы Сәкен Сәрсенов цифрлы қазақстанның «цифрының жетпей қалған» жерлеріндегі оқушыларды хат арқылы оқытпақ болып меморандуға қол қойысқан.
Тараптардың сөзіне сенсек сиқырлы мұғалім «Қазпошта» оқу материалдары мен оқушылардың тапсырмаларын уақтылы жеткізіп тұрмақ.
Ресми деректерге үңілсек жер әлемді өрмекшінің торынанда жиі торлаған әуе толқынның елімізде жетпей қалған жері жетерлік екен. Соның салдарынан 20 мың оқушы «Қазпошта» арқылы оқымақ. Міне саған цифрлы Қазақстан. Алыс ауылдар түгілі кеше ғана аты мәшһұр ЭКСПО өткізген астана мен ғылым мен техниканың ортасы саналатын Алматының түбіндегілердің өзі интернетке жарып отырған жоқ.
Осыған дейінде де біраз тұрғыны интернет желісісінің нашар немесе мүлдем жоқ екеніне шағымданған болатын.
Соны қаперге алса керек ақпарат және қоғамдық даму министрі Абаевтың 26 наурыздағы айтқанын ескерсек онлайын сабақтар 30 минутқа дейін болатынын, қосымша кескінді сабақтар жергілікті телеарналар арқылы көрсетілетінін айтқан-ды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Абаевтың «2017 жылы еліміздегі интернетті пайдаланушылардың саны 78,8 пайызға жетті» дегені өтірік екенін көз көрді. Енді министрдің «2021 жылы тұрғындарының саны 50-ден асатын 6 мың ауылдық мекен интернетпен қамтылады. Қазіргі уақытта ауылдық елді мекендердегі тапшылықты оптикалық байланыс желілері технологиясы бойынша кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жобасы іске қосылған» деген сөзінің ақырын күте тұрамыз.
Айта кетерлігі бұған дейін білім және ғылым министрі Аймағамбетов қазақстандағы жоғары оқу орындарының 30 пайызы қашықтан оқуға дайын деген. 16 наурыздан бастап жоғары оқу орындары мен колледждің қашықтан оқуға кіріскен студентерінің біразы ауыл маңындағы тау басы мен үй-үйдің төбесінде «цифрлы қазақстанның» цифрын желісін қуып жүр. Ендігі кезек мектеп оқушыларында. Алдыда олардан да талай жамбастап жатып алып айтатын әңгіме табылар.