"Атамекен" ҰКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кеңес отырысында мемлекеттік органдардың заңға қарсы әрекеттері талқыға салынды, деп хабарлайды ҰКП баспасөз қызметі.
Отырыс кезінде бірінші мәселе бойынша мән-жайды «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаменті директоры Олег Савеленко түсіндірген. Оның сөзінше, 2016 жылдың желтоқсан айының соңына қарай ҚР Қорғаныс министрлігі кәсіпкерлермен бұрын жасалған негізгі шарттар бойынша қосымша келісімдерге қол қойған.
"Келісім бойынша 2017 жылдың қаңтар айынан бастап ақпан айына дейінгі кезеңде, яғни байқау процедуралары шешілгенше, кәсіпкерлер әскери бөлімшелерге әскери қызметшілерді тамақтандыруға міндеттелді. Алайда, қызмет көрсету жасалған соң ҚР Қорғаныс министрлігі орындалған жұмыс актілеріне қол қоюдан және кәсіпкерлерге жасалған қызметтері бойынша ақша төлеуден бас тартты, салдарынан бизнес қаржылық шығынға батып отыр", – дейді Олег Савеленко.
Ал мемлекеттік орган өзінің бұл әрекетін шарттың қазынашылық органдарда уақытында тіркелмегендігімен түсіндіреді.
ҰКП мәліметінше, осының салдарынан шарт талаптары бұзылып, кәсіпкерлер айтарлықтай қаржылық тығырыққа ұшыраған. Қазіргі таңда шамамен 200 млн теңге көлемінде шығынға батқан 11 шағын және орта бизнес субъектісі жайында мәлімет бар. Осы ретте келтірілген шығын қызмет көрсету бойынша төленбеген сомамен ғана емес, сондай-ақ қызметкерлерге уақытында еңбекақыны беруге, салық төлеуге, несие өтеуге де кедергі етіп отыр.
Осылайша Астана қаласынығы Адвокаттар алқасының адвокаты Мұхтар Қожахметов Астана сотының кәсіпкерлерді қолдағанын жеткізіп, қазынашылық органдарға жоғарыда айтылған мәселеге назар аудару керек екенін айтты Сондай-ақ, ол осындай мәселе болмау үшін келісімдерді түркеу бойынша ішкі бақылауды немесе басқа процедураларды күшейтуді ұсынды.