2017 жылы мұнай секторында жұмыс істейтін жұмысшылардың орташа жалақысы 571,3 мың теңгені құраған. Бұл туралы LS сайты хабарлады.
Сайттың мәліметінше, сектор жетекшілері 2,5 есеге жоғары алады. Өткен жылы топ-менеджерлердің жалақысы шамамен 1,4 млн теңгеден асқан. Ал арнайы бөлім жетекшілерінің жалақсы орташа есеппен 936,5 мың теңгені құрайды.
Қатардағы қызметкерлердің жалақысы төмен. Мысалы мұнайды өндіру жөніндегі мастердің орташа жалақысы - 587,7 мың теңгені, геологтардікі - 561,7 мың теңге, инженер-энергетиктердікі - 600,3 мың теңге, бұрғылау жөніндегі инженердің жалақсы - 854,1 мың теңге.
2017 жылы мұнай және газ өндірісімен айналысатын инженерлердің орташа айлығы 646,6 мың теңге болған. Ұңғыманы бұрғылау және сыналаушы инженерлердікі - 440 мың теңге, мұнайгаз өнімдерін эксплуатациялайтын инженерлердікі - 187,8 мың теңге, ұңғыманы бекітуші инженерлердікі - 1,8 млн теңге, ал газ объектілерін пайдалану жөніндегі инженерлердікі - 496,7 мың теңгеге тең.
Техник-маркшейдердің жалақысы 177 мың теңге, бұрғылау жөніндегі техниктің еңбекақысы - 787,8 мың теңге. Бұрғылау бөлімінің бригадирі 846,3 мың теңге алған. Ал ұңғыманы күрделі жөндеуден өткізуші бұрғышының орташа айлығы 2017 жылы 295,2 мың теңгеге жетті. Мұнайды ағызушы қызметкердің жалақысы - 756,8 мың теңге.
Ал металлургтердің орташа жалақысына келер болсақ, өткен жылы олар орташа есеппен 198,2 мың теңге алған. Сектор жетекшілерінің жалақысы 1,5 млн теңгеге жетеді және бұл орташа айлықтан 7,5 есеге көп болып отыр. Арнайы бөлім жетекшілерінің жалақысы орташа көрсеткіштен екі есе жоғары немесе 437,6 мың теңгеден асады.
2017 жылы бас металлургтың орташа жалақысы - 1,6 млн теңге, цех мастерінікі - 213,1 мың теңге болған. Ауысым басшысы өткен жылы 229,5 мың теңге, цех басшысы 383,7 мың теңге жалақы алған.