Франция EХРО-2025 халықаралық көрмесін өздерінде өткізу туралы ниетінен бас тартты, деп жазды француздық Journal du Dimanche газеті.
Елдің премьер-министрі Эдуар Филиптің көрмені ұйымдастырушы комитетке жолдаған хатында айтылғандай, мұндай шешімнің қабылдануына қаржы қиындықтары себеп болған. Бұдан бөлек, хатта іс-шараны өткізуге бизнес-серіктестер жетіспейтіні туралы айтылған.
Франция EХРО-2025 халықаралық көрмесін өздерінде өткізу туралы өтінішін 2017 жылдың қыркүйек айында жолдаған. Олар көрмеге келетіндер саны 35 миллионнан 65 миллонға дейін жетеді деп болжаған. Миланда өткен EХРО-2015 көрмесіне 20 млн-ға жуық адам келген.
Deutsche Welle мәліметінше, Франция бас тартқаннан кейін енді EХРО-2025 көрмесін өткізуге енді Ресей, Жапония және Әзербайжан үміткер болады. Жеңімпаз 2018 жылдың қараша айында белгілі болады.
Айта кетейік, Қазақстан 2015-2016 жылдардағы дағдарысқа қарамастан 2017 жылы EХРО көрмесін өткізген еді. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев маусым айында көрмеге 1,3 млрд доллар қаражат жұмсалды деп мәлімдеген. Ал келушілер санына келер болсақ, көрме басталған уақыттан бастап (10 маусым) аяқталған күнге шейін (9 қыркүйек) 3 860 000 адам келген.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі