2018 жылы әлемде ғылым-техниканың елеулі табыстары күтілуде. Ғарышты зерттеу саласынан тартып, зымыран қозғалтқыш моторлары бар көліктер де жарыққа шығуы мүмкін деп топшыланған. BBC мен The Times көрсеткен биылғы жылы ғылымда қол жеткізетін адамзат табыстарын қарап көріңіз.
2018 жылы ең үлкен ғылыми жетістіктер ғарыш зерттеу саласынан күтілуде. АҚШ президенті Дональд Трамп 40 жылдан астам тоқтап тұрған ғарышқа ұшқыштар жіберу жобасын қайта қолға алып, бұл туралы бұйрыққа қол қойды.
Осы жылы бір емес бірнеше мемлекет ғарышқа кемелерін аттандырады. Бұл ғарыштың да халықаралық кеңістікке айналғанын түсіндіреді. Солардың алғашқылары болып Үндістанның «Chandraan-2» деп аталатын әлем кемесі ұшпақ. Бұл ел 2008 жылы Айға жіберген табысты зерттеу жұмыстарын жалғастырмақ. «Chandraan-2» Ай бетіне қонып, Жердің алып серігіне зерттеу жүргізбек. Аталған ғарыш кемесі наурыз айында Андхра-Прадештегі ғарыш айлағынан Айға бет алып ұшып, өзінің қызметін бастайды.
Жылдың ең елеулі оқиғаларының бірі мамыр айында болмақ, НАСА зерттеп жасаған «InSight» атты кеме Марсқа бет алады. Бұл адамзат парасатының ең соңғы жетістігімен жабдықталған кеме, Марсқа жеткен соң планетаның бетін қазып, оның тарихы туралы зерттейтін болады. Сонымен бірге ол «қызыл шардағы» сілкіністің дыбыс толқындарын жазып алып, сол арқылы іскі құрылымынан хабар бере алады.
Маусым айында Жапония Ғарыш агенттігінің «Хаябуса-2» кемесі Рюгу астероидына ұшып жетеді. «Хаябуса-2»-ге жүктелген міндет – астероидтың тас қиыршықтарын Жерге жеткізу. Жерге жеткізілген тастар арқылы зерттеушілер бұл «қыдырмашының» құрылымын зерттеп анықтайды. Естеріңізде болса, 2017 жылы «Хаябуса» кемесі Итокава атты астероидке жетіп әлемді дүр сілкіндірген еді. Бұл кеме түрлі қиыншылықтарға қарамастан Жерге астероидтың тас кесектерін алып оралды. Осыдан кейін зерттеушілер мен инженерлер «Хаябуса-2» кемесін тіпті де кемелді етіп жабдықтап, оның көбірек тас үлгілерін әкелуіне қабілетті етті. Оның және Рюгуге жақындағанда алыстан басқаратын құрылғыларды оның бетіне жеткізуге де икемі бар.
Сонымен бірге Жапония мен Еуропа ғарыш агенттіктері бірлесе отырып Күнге ең жақын Меркурийді зерттеуді қолға алмақ. Бұл жұлдызға «BepiColombo» атты зерттеуші кемені жұмсайды. Ол Меркурий туралы адамзаттың танымын кеңейтпек. Дегенмен, оның алдында NASA-ның «Messenger» атты кемесі жеткен. «BepiColombo»-тің тағы бір міндеті бір тасымалдаушы зымыран арқылы екі әлем кемесін кеңістікке алып шығады. Екі кеме планетаның тартылыс күшін зерттемек. Сол арқылы ғалымдар Меркурийде не үшін темірдің көп екенін және сыртқы қабатындағы жұқа тастардың неден пайда болғанына зерттеу жасамақ.
Ал, 2018 жылдың ғана емес адамзат тарихының да ең елеулі оқиғаларының бірі «Falcon Heavy» зымыранының кеңістікке көтерілуі болып отыр. Бұл қуатты зымыранды танымал Илон Масктың SpaceX компаниясы жасаған. Өткен жылы желтоқсан айында, «Falcon Heavy»-дың Флоридадағы Жон Кеннеди атындағы ғарыш орталығында құрастырылып жатқаны мәлім болған еді. «Falcon Heavy» әлемдегі ең қуатты зымыран, ол 9 қосымша және бір орталық мотормен жабдықталған. Салмағы 57 тонна, биіктігі 70 метр. Аталмыш зымыран қазіргі уақыттағы коммерциялық ғарыш жарысында лидер болып тұр. Бір емес бірнеше ғарыш кемелерін Жер орбитасынан ұзатып салуға қабілетті. Жеке компаниялардың ғарышкерлерді ғарышқа ұшыруы келесі жылдың еншісінде деп болжайды көпшілік.
Биыл тағы SpaceX және Boeing компаниялары жаңа ұшыру жүйелерін сынақтан өткізіп, мәліметтер жинау үшін ұшқышсыз ғарыш кемелерін де ұшырып көреді. Кейін, ұшқыштарды алып ұшатын кемелерді де ұшырмақ. Дегенмен бұл жоспарлардың кейінге қалуы да мүмкін. Сынақтар сәтті өтсе, АҚШ Ғарыш агенттігі екі компанияға да рұқсат бермек.
Жеке компаниялардың зымыран жүйелерімен бірге, NASA да өзінің жаңа зымырандарын кеңістікке шығарады. Көп күттірген әрі қымбат «Орион» кемесі ғарыш туристтерін Жер орбитасының төменгі қабатына апарып келмек. Дегенмен, бұл кеме 2019 жылы сынақтан өткізіліп, сәтті болып жатса 2021 жылы ғарышқа баратын алғашқы туристерді алып ұшады.
Ұлыбританияның «Bloodhound» атты супер көілігі биыл құрлықтағы ең жоғары қарқынды көрсетіп, әлемдік рекорд жаңартпақ. Бұл көлікке «Eurofighter Typhoon» ұшағының қозғалтқышы орнатылған. Осыған дейін бірнеше рет сынақты кешіктірген. Өткен жылы жай режимдегі сынақта сағатына 320 шақырым жылдамдықты көрсетті, биыл ең жоғары жылдамдыққа жеткізбек. Бұл рет «Bloodhound» сағатына 800 шақырымдық жылдамдықтан асады деп күтілуде. Алайда, әлемде құрлықтағы ең жылдам рекорды 1228 шақырым. Соған қарағанда, «Bloodhound» биыл рекорд жаңарта алмайды, тек сынақтағы тәжірибелерді жинақтай келе 2019 немесе 2020 жылдары жаңа рекорд тіркеуі мүмкін. «Bloodhound»-тың толық қуаты жылдамдықты сағатына 1610 шақырымға шығара алады.