Мысыр президенті бір күн бұрын жасаған мәлімдемесінде, араб әлемінде орын алған «революцияда» 1 миллионнан астам адам қаза тапқанын, ал инфрақұрылымдық шығындар шамамен 1 трлн АҚШ долларына жуық екенін айтты. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Батыс ақпарат көздерінің мәлімдеуінше, Мысыр президенті Халил ас-Сиси осыдан бір күн бұрын өзінің 4 жылдық президенттік қызметінің есебін жариялаған. Ол сөзінде «Сүрия, Ирак, Ливия және Йемен қатарлы елдерде туылған бұл оқиғалар үлкен шығынға ұшыратты. Кейбір халықаралық бақылау нәтижесі көрсеткендей, инфрақұрылымдық шығындар 900 миллиард АҚШ долларын құрады, сонымен қатар, 1,4 млн адам қаза тауып, 15 млн адам босқынға айналған», – деген мәліметтерді айтты.
«Jerusalem Post» 15 қаңтардағы санында осы тақырыпты айта келіп, аймақтағы адамдар үшін «Араб көктеміне» 7 жыл толуын еске алудың өзі ауыр екенін жазған. Аталған басылым BBC-ге сілтеме жасай отырып, Тунисті «Араб көктемінің» «жемісі» ретінде көрсетеді. Онда жастардың жұмыссыздық деңгейі 35 пайызға дейін көтерілген. Тунис диктатураны құлатып, демократияны жақтайтын үкімет құрды. Алайда, елдің жалпы ішкі өнім құны құлдырап кеткен. Орта-Таяу шығыс елдеріне осыншалық ауыр шығын әкелген «Араб көктемін» Батыс елдері әлі де насихаттай ма?


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?