Араб әлемінде алғаш рет әйел премьмер-министр бір күн бұрын жұмысына кірісті. Тунис президенті Каис Сайд премьер-министр етіп 63 жастағы Нажеле Боденді тағайындады. Боден араб әлемінде әйелден шыққан алғашқы үкімет жетекшісі ретінде тарихта қалды.
Нажеле Боден басқарғалы отырған Тунис үкіметінің алдында бірқатар ауыр сынақтар да күтіп тұр. Олардың қатарында жемқорлықпен күрес және билікті әбден шырмаған бюрократияны жою міндеті де тұр.
Бұдан екі апта бұрын президент Каис Сайд үкіметті доғарысқа жіберіп, Парламенттің қызметін тоқтатқан болатын. Елдегі экономикалық дағдарыстың ауырлығынан үкіметке наразылық та күшейіп тұр. Оған пандемия себебінен болған түрлы қоғамдық шектеулер қосылып, елдегі билікке деген қарсылық саяси дағдарысқа ұласу алдында тұр.
Осындай жағдайда Сайд үкіметтің жетекшісі ретінде Нажеле Боденді бекітті. Қазір елде президенттің құзіреті бұрынғыдан кеңейді. Парламент пен ондағы бірқатар исламшыл партиялар президентті дарабилікке бой ұрды деп айыптап келеді.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі