Үндістан ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, сол жердің жергілікті уақытымен 17 қаңтар күні кешке жақын, Кашмирде Үндістан мен Пәкістанның шекара жасақтары арасында қақтығыс болған. Кезектескен қарулы шабуылдар 18 қаңтардың таңына дейін жалғасқан, екі жақтан да адам өлімі болған. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
«Үнді экспресс» басылымы бұл оқиға туралы хабарлағанда «Үшінші дүние соғысы» деп атапты. Кешкі сағат 21:00 шамасында басталған ұрыс бірнеше сағатқа дейін сұрапыл жалғасып, 18 қаңтардың таңына дейін толастамаған. Үндістан ақпарат құралдарының көрсетуінше, Пәкістан қарулы күштері Үндістан бақылауындағы бірнеше ауылдарды басып алған, кейін үнді қарулы күштері артиллериялық соққы жасаған. Қақтығыс кезінде Үндістанның шекара күштері жоғары қолбасшыларының бірі қаза тапқан.
Ал, Пәкістан БАҚ өкілдерінің қарулы күштерге сілтеме жасай отырып хабарлауына қарағанда, Үндістан жақтың артиллериялық шабуылынан Пәкістан тарабынан 3 әйелді қамтыған 5 жазықсыз тұрғын қаза болған. Қақтығыстан соң Кашмирдегі мектептер сабақ тоқтатқан. Бірақ ауқымды эвакуациялау әрекеті болмаған.
Осыдан бірнеше күн бұрын да, яғни 15 қаңтарда екі ел шекарашылары арасында ұрыс болған еді. Мәліметтерге қарағанда 7 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алған. Алайда, Пәкістан қорғаныс тараулары мәліметінде сол реткі қақтығыста Пәкістан жақ басымдықты иелеген делінген. Үндістанның қарулы тобына соққы бергендерін айтып, қақтығыста Пәкістан жақтан 4 адам, Үндістан әскерлерінен 3 адам қаза тапқанын, одан өзге жараланғандар да бар екенін хабарлаған.
Кезекті қақтығыс екі ел арсындағы соңғы бірнеше жылдағы ең күшті қарулы ұрыс болды.