Франция билігі босқындарды қабылдайтын арнайы орындарды көбейтпек. Елдің ішкі істер министрінің атуынша, қазіргі кезде босқындарды қабылдау және сараптау жұмысы қолға алынған.
Қаңтар айында Франция астанасы Париж маңында орналасқан Иль-де-Франс аймағында 200 адамдық орталық ашылмақ. Сондай-ақ, жыл соңына қарай тағы біреуі іске қосылады.
Осылайша Кале қаласындағы "джунгли" аталып кеткен босқындар лагерінің көзі біртіндеп жойылмақ. Мәліметтерге қарағанда, қазіргі кезде Каледе шамамен 400 босқын бар. Өткен жылы мұнда келгендердің саны 7 мыңнан асқан. ІІМ сөзіне қарағанда, "джунглидегі" босқындарды жаңа орынға көшіру кезінде Па-де-Каледен 5 орталық ашылған. Дегенмен, мемлекет тарапынан берілген баспанадан әзірге ешкімнің бас тартқысы жоқ.


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?