Ресейдің ауқымды басып кіруінен бері Украинадан 3 миллионға жуық босқын өзге елдерге шығып кетті. Бұл туралы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Арнайы комиссия мәлімдеді.
Халықаралық қауымдастықтың аталған комиссиясы таратқан мәліметке қарағанда, 12 наурызға дейін Украинадан өзге елге шыққан босқындар саны 2 808 792 адам. Украиналық босқындардың басым көбі, нақтырақ айтқанда 1 миллион 720 мыңнан астамы Польшаға кірген.
БҰҰ мәліметіне сай Украинадан өзге елге кірген босқындар саны:
Польшаға – 1 720 227 адам,
Венгрияға – 255 мың 291,
Словакияға – 204 мың 862,
Ресейге – 131 мың 365,
Молдавияға – 106 мың 994,
Румынияға – 84 мың 671,
Беларусьқа – 1226,
Еуропаның басқа елдеріне – 304 мың 156 адам өткен.
Бұларға қоса, халықаралық қауымдастық дерегінше, Донецк және Луганск облыстарынан 18-23 ақпан арасында 96 мың адамның Ресейге өткен. Бұған дейін қауымдастықтың арнайы комиссиясының мамандары Украинадан 4 миллонға жуық босқын сыртқы шығуы мүмкін екенін ескерткен болатын.