Қазақстанда халықтың Астана мен өңірлер арасындағы әуе қатынасына, өңірлер арасындағы байланысқа, сондай-ақ, 2018 жылы туристік нысандардың қолжетімдігіне деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында 12 бағыт бойынша әуе рейстері субсидияланады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің фейсбуктегі ресми парақшасында хабарланды.
Сонымен субсидияланатын бағыттар мыналар:
1) Қарағанды – Қызылорда – Қарағанды, 18 000 тенге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет;
2) Өскемен – Қарағанды, 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
3) Көкшетау – Ақтау, 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
4) Алматы – Көкшетау,  18 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
5) Алматы – Петропавл,  20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
6) Астана – Талдықорған; 24 500 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 7 рет;
7) Петропавл– Шымкент, 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет;
8/ Астана – Петропавл, 14 300 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет;
9) Астана – Үшарал (Алакөл көлі) 20 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 2 рет;
10) Алматы – Балқаш, 14 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет
(6 ай);
11) Астана – Үржар (Алакөл көлі), 19 500 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет (6 ай);
12) Алматы – Үржар (Алакөл көлі.), 16 000 теңге тарифімен кем дегенде аптасына 1 рет (6 ай).
Комитет мәлімдегендей, мұндағы барлық тарифтер тек бір бағытқа ұшу үшін көрсетілген.
"Рейстерді субсидиялау бағдарламасы 2002 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы кезеңдерде 10-нан астам әуе бағыты коммерциялық негізге көшірілді. Қазіргі уақытта бағдарламаның негізгі басымдықтарының бірі Қазақстандағы туристік бағыттарды дамыту", - делінген баспасөз хабарламасында.












                                                        





                                        Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
                                    
                                        ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
                                    
                                        Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
                                    
                                        Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
                                    
                                        Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
                                    
                                        Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды