АҚШ Сауда департаментінің сол елдің жергілікті уақытымен сәрсенбі күні мәлімдеме таратып, Қытайдан импортталатын болат өнімдер үшін демпингке қарсы (астыртын сату) және субсидиялауға қарсы тергеудің алғашқы қорытындысын жария етті. Қорытынды мәліметте айтылуынша, Қытайдың болат өнімдерін экспорттаушыларға арналған субсидиясы 5,04 пайыздан 150,49 пайызға дейін екені анықталған.
Сарапшылардың пікірінше, бұл Қытай тарабының Құрама Штатқа мақсатты түрде болат материалдар экспорттап отырғанын көрсетеді. 2017 жылы Қытайдың АҚШ-қа экспорттаған болат өнімдері 200 млн АҚШ долларын құраған еді.
АҚШ Сауда департаменті алғашқы шешімін шығарғаннан кейін, кедендік және шекаралық қорғау органдарына арнайы тапсырма берді. Олар қытайлық болат экспорттаушылардың субсидиясына тең депозит алатын болады. Ал, Қытайдың болат экспортына байланысты әрекеттің нақты шешімін алдағы жылдың 1 сәуірінде жария етпек. Егер Сауда департаменті соңғы шешімінде санкцияны немесе өзге жазалау әдістерін пайдалануды ұйғарса, бұл Қытай экспорты үшін аса ауыр соққы болады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы