ҚР Инвестициялар және Даму министрлігі Азаматтық авиация Комитеті әуе кемесінде ереже бұзған жолаушыларға қандай шаралар қолданылатынын жариялады.
Аталған мекеменің хабарлауынша, ұшақ тасымалының қызатын уақыты таяп келеді: көптеген азаматтар демалысқа шығып, жолаушылар тасымалы еселенбек. «Кейде әуе кемесінде ұшақ ережелеріне бағынбайтын жолаушылар табылып жатады. Ондай тұлғалардың іс-әрекеттері ұшу қауіпсіздігіне кері әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, олар өзге де жолаушылар мен экипаж мүшелерінің өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндіреді», - деп мәлімдеген Комитет қандай шаралар енгізіленін де жариялады.
Комитеттің хабарлауынша, ұшақ әуеге көтерілер кезде және қонар алдында жолаушыларға ұшақ ішінде орындарынан тұруға, жүруге тиым салынған. Енді осы ережені бұзған жолаушыларға үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде ($22) айыппұл салынады. Ал әуе кемесінде шылым шеккен жолаушыларға 200 АЕК (айлық-есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл ($1480) салынады немесе 15 күнге дейін әкімшілік тұтқынға алынады.
Экипаж мүшелері мен өзге де жолаушылардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін немесе олардың ар-намысына тиетін жағдайлар туындатқан жолаушыларға да дәл осындай айыппұл салынбақ.
Сонымен қатар, ұшақ ішінде өзге тұлғаларға тіл тиізіп, күш көрсеткен жолаушыларға 10 АЕК ($74) айыппұл салынып немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.
Ұшақтағы мүлікке қасақана залал келтіру және (немесе) оны әуе кемесінен алып кетуге тырысу әрекеттеріне, сондай-ақ ұшқыш кабинасына кіруге тырысу әрекеттеріне 200 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке әкімшілік тұтқынға алынады», - деп хабарлайды Комитет.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі