Оңтүстік Кореяның Бірлестік министрі  Солтүстік Корея үкіметі 9 қаңтар күні Фанмынжоңда өтетін кездесу ұсынысын қабылдағанын мәлімдеді. ресми ақпарат көздерінің таратқан хабарына қарағанда қарағанда, кездесу кезінде солтүстік пен оңтүстіктің қарым-қатынасын жақсартудың практикалық мәселелері талқыланбақ. Ол үшін екі жақ Оңтүстік Кореяда өтетін Қысқы олимпиада ойындары туралы мәселелерді талқылауды қолға алмақ. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.

Алда болатын кездесу отырысы сол екі елге ғана емес, өңірдің қауіпсіздігі мен әлемнің тыныштығы үшін де аса маңызды. Ол және Оңтүстік Кореяның президент тағына Мүн Жайн келгеннен бергі алғаш рет екі корей үкіметінің кездесу отырысы. Екі жақтың ресми тұлғалары 2015 жылдың желтоқсан айынан бері ресми кездесу өткізіп көрмеген.

Жаңа жыл қарсаңында Солтүстік, Оңтүстік Корея арасындағы қатынаста үлкен өзгеріс болып, Солтүстік Кореяның қабағы жадырай түсті. Бұл Оңтүстік Кореяның алда болатын Қысқы олимпиада ойындарына Солтүстік Кореяны ұсыныс етуімен басталған оңды үрдіс болды. 3 қаңтар күні Солтүстік Корея жақ екі ел ортасындағы тікелей жалғанатын қоңыраулар желісін қайта қосып, екі ел арасындағы дипломатиялық істерде оңды қадамды басты.

Ал, 9 қаңтарға жоспарланған кездесу, Корей түбегінің алдағы болашағы үшін де, екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастардың дамуы үшін де аса маңызды. Сеулдің мәліметтерінің бірінде: «Солтүстік жақ әзірге ядролық бағдарламалар туралы сөйлесу жөнінде ниет танытпады. Солай бола тұрса да бұл КХДР-мен келіссөз жүргізудегі үлкен жетістік», – делінген.

“The Qazaq Times”