Ресей Президенті Владимир Путин Ресей арқылы Қазақстан мен Қырғызстанға Украинадан тауар тасымалдауға тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық 2018 жылдың 30 маусымына дейін күшінде болады. Бұл туралы Риа Новости ақпарат агенттігі хабарлады.
Жарияланған құжат бойынша Ресей Федерациясы Президентінің 2016 жылғы 1 қаңтардағы " Ресей Федерациясы арқылы Украинаның халықаралық транзиттік жүк тасымалын Қазақстан Республикасы немесе Қырғыз Республикасына өткізу кезінде Ресей Федерациясының экономикалық қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету шаралары туралы» қаулысындағы "2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін" деген сөз "2018 жылдың 30 маусымына дейін" деп өзгерілген.
Айта кетейік, Ресей 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі кедендік баж ставкалары мен "санкциялар" тізіміне енгізілген тауарларға байланысты Украинаның автомобиль және теміржол транзитіне тыйым салған болатын.
Ал 2016 жылғы 1 шілдеден бастап РФ Президентінің жарлығына сәйкес, Ресей аумағы арқылы Украинадан Қазақстан мен Қырғызстанға баратын тауарларға тыйым салынған. Осыдан кейін ресми Киев Ресейді "территориядан өтетін украиналық тауарларға тосқауыл қойды және ДСҰ ережелерін бұзды" деп айыптады.