Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындауынан кейін АҚШ пен Палестина қатынасынан тыныш кетті. Осыдан кейін Палестина жағы АҚШ-тағы өз елшілігін қайтару туралы шешімі от үстіне май құйғанмен бірдей болды. Ал, АҚШ президентінің 2 қаңтар күні әлеуметтік желідегі парақшасында Палестинаның әрекеттерін сынға алып, осыған дейін АҚШ-тың Палестинаға бағыттаған көмек қаражаты мен қолдауларын тоқтататынын айтқан еді.
Орта-Шығыс елдерінің ақпарат құралдары жасаған сараптамада, «Трамптың бұл сөздері Палестинаға көрсеткен қыры» деп бағалаған. Онда және Трамп осы арқылы Палестинаны АҚШ-тың Орта-Шығыстағы саясатын мойындауға мәжбүрлеу екені айтылған.
Ал, Франция ақпарат агенттігінің 3 қаңтардағы хабарына қарағанда, Палестина жақ Трамптың бұл әрекеттеріне жауап қайтарып: «Иерусалим – баға жетпес байлық. Оны ешкім қанша ақша берсе де сатып ала алмайды», – деген.
Палестина азаттық қозғалыс ұйымының мүшесі Ханан Ашрауидың пікірінше, Трамптың ұстанымы Таяу-Шығыс бейбітшілгі үшін аса қауіпті бұзғыншылық. Палестина АҚШ-тың жасаған құқай көрсетуінен именбейді.
Палестинадағы «Иерусалим» басылымы «Трамптың көрсеткен қысымы, саяси тұрғыда орынсыз әрекет. Себебі, онда АҚШ-тың тек Израиль мүддесін ғана күйттейтінін анық байқауға болады» деп жазған.
Мысыр «Al Akhbar» басылымының хабарында, «Трамптың әрекеті бірқатар қақтығыстарды тудырды. Айталық, Трамптың Иерусалим шешімі жарияланғаннан кейін, наразылық шерулерінде 14 палестиналық Израиль қауіпсіздік қызметкерлерімен қақтығыс кезінде оққа ұшты.
Қытайдың «Шинхуа» ақпарат агенттігінің аталған тақырыптағы хабарында «АҚШ-Палестина қарым-қатынасы салқындай бастаған орайда, Израиль жағы Ирусалимды бақылауға алуды күшейте түсті» делінген.
Танымал «The New York Times» басылымының мәлімдеуінше, Израиль парламентінің 2 қаңтардағы отырысында қабылданған шешім бойынша, Израиль үкіметінің алдағы уақытта Иерусалимге қатысты әр қандай бір саяси қадамдары Парламенттік дауыс беру кезінде парламент мүшелерінің үштен екі бөлегінен көбірек қолдауға ие болуы керек деп белгіленді. Бұл осыдан бұрын парламент мүшелерінің жартысынан аса дауыс беруімен қолдау табатын еді.
Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, болашақта қандайда бір партия немесе ұйымның Израиль үкіметімен бейбіт келісімдер жасау кезінде Иерусалим мәселесінде бұрын-соңды болмаған қиыншылыққа ұшырайтын болмақ.
Алғыс Серікұлы