АҚШ президенті Дональд Трамп «бейбітшілік келіссөздерден бас тартқан Палестинаға» жәрдемақыны тоқтатамыз деп қорқытты. Оның айтуынша, Құрама Штат Палестинаға берген жәрдемақысы үшін лайықты сый-құрмет көре алмапты. Бұл туралы BBC-дың ресми сайты жазды.

Ақ үй басшысының Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындаған шешімінен кейін, бұл қадамға күшті наразылық танытқан Палестина жақ бейбітшілік келіссөздерінен бас тартты және АҚШ-ты келіссөздерге, ара ағайындыққа қоспайтынын мәлімдеді. Трамп Палестинаның бұл қадамдарына қарсы АҚШ-тың жыл сайын беріп тұратын жәрдемақысын тоқтататынын айтып қорқытты.

Трамп өзінің Твиттер парақшасында Пәкістанға берілетін жәрдем туралы да сөз етіп, «АҚШ миллиардтаған доллар жәрдем беріп отырса да, Пәкістан  «жалғаншылықпен қулық істеді. Құрама Штат миллиардтаған қаржыны Пәкістан үшін ғана босатпайды. Палестиналықтарға да жыл сайын жүз миллиондаған доллар көмек береміз. Бірақ АҚШ сол берген көмегі үшін лайықты сый-құрмет алып отырған жоқ», – деді.

Иерусалим дағдарысы туралы өз шешімін айта кеткен Ақ үй басшысы: «Біз көптен бері шешілуі қиын болып келген Иерусалим мәселесін біржақтылы еттік. Бұл үшін Израиль көп қиындықтарға тап келуі мүмкін. Алайда, палестиналықтар бұл үшін бейбітшілік келіссөздерден бас тартатын болса, онда Құрама Штаттан берілетін көмек те тоқтатылады», – деп қосқан сөзінде.

“The Qazaq Times”