Душанбе түрмелерінің бірінде бір топ тұтқын тәжік-ауған шекарасы арқылы есірткі транзитін бақылап отырған. Бұны Тәжікстан арнайы қызметі анықтап, қазіргі кезде оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Тараған мәліметке қарағанда жазасын өтеп жатқан екі тәжік азаматы мен бір ауғандық азамат шекарада тәжік күзетшілерімен атысып, Ауғанстан контрабандасымен байланысқа шыққан.
Орталық Азия жаңалықтар қызметінің мәліметінше, 2017 жылғы 2 желтоқсанда Шамсиддин Шохин ауданындағы таулы елдімекенде қарулы қақтығыс болған. Онда 12 қарулы адам шекарадан заңсыз өтпек болып салдарынан төрт тәжік сарбазы жараланып, полковник Хайриддин Ахтамов қаза тапты.
Тергеу ісіне жақын дереккөздің хабарлауынша, түрмеде отырған бір топ тұтқын ұялы телефон арқылы есірткі саудасын бақылап отырған. Ауған контрабандасы тәжікстандық есірткі саудасымен айналысатындарға 33 келі есірткі бермек болған.Тұтқынның үшеуі де бұрын есірткі саудасы үшін жазаларын өтеп жатқан. Енді оларға қатысты жаңадан іс қозғалды.
Тәжікстан ІІМ баспасөз хатшысы Умарджони Эмомалидің сөзінше, "жүкті" алу керек болған тәжік азаматы іздестіріліп жатыр. Оның үстіне есірткі саудасымен айналысатындарды табу оңайға соқпайтын көрінеді . Себебі олар өзге адамның атына тіркелген сим-карта пайдаланады.