Жер шарының халқы бір жылда 83 миллион адамға көбейді – деп хабарлайды «Жер тұрғындары» сарапшылар қоры.
Қор сарапшыларының болжамы бойынша, 2018 жылы қаңтар айының 1-і күні жер бетіндегі халық саны 7 591 541 000 миллиардқа жетеді. Өткен жылман салыстырғанда 2017 жылы жер халқының саны 83 миллион адамға көбейген.
Зерттеу нәтижелері бойынша, қазіргі таңда әр 1 секунд сайын жер шарының халқы 2,6 адамға көбейуде. Халық санының өсу қарқыны жағынан Афирка көш бастап тұр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, 2050 жылға қарай Африка құрлығының халық саны 1,26 млрд адамнан 2,53 млрд адамға дейін өседі. Бұл халықаралық ұйымдардың алаңдаушылығын туғызуда. Өйткені онсызда аштық пен аурудан көз ашпай келе жатқан Афирка елдерінің тұрмыс деңгейі халық санының көбейуімен одан сайын нашарлап кетуі мүмкін.
Ал АҚШ-тың «Pew Research Center» әлеуметтану орлалығының зерттеулері бойынша, 2050 жылға қарай Еуропалық Одақ халқының 14 пайызын мұсылмандар құрайтын болады. Бұған себеп еуропа елдерінің Сүрия, Ирак, Ливия сияқты мемлекеттердің халқын босқындар ретінде есепсіз қабылдауында.
Жалпы бұған дейін халықаралық ұйымдар 2050 жылы жер шарының халқы 10 миллиардқа жететін болады деген болжам айтқан болатын.