Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Біз Иерусалимде елшілігімізді ашамыз» - деп мәлімдеді.

Hurriyet Daily News хабарлауынша, жақында Режеп Тайып Ердоған Иерусалим мәселесіне байланысты журналистер алдында сөз сөйлеген. Ол онда: «Біз Шығыс Иерусалимді Палистина астанасы деп мойындадық. Бірақ біз ол жерге әлі елшілігімізді ашқан жоқпыз. Себебі Иерусалим қазір оккупацияланған. Алайда біз алдағы уақытта Алланың қолдауымен Шығыс Иерусалимде елшілігімізді ашамыз» - деген.

Естеріңізге салайық, желтоқсан айының 6-сы күні АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп мойындап, Америка бас елшілігін Тель-Авив қаласынан Иерусалимге көшіруге шешім шығарған болатын.

“The Qazaq Times”