Түркия пезиденті Режеп Тайып Ердоған «Израиль террористердің мемлекеті» - деп мәлімдеді.

Режеп Тайып Ердоған «Әділдік және даму» партиясының отырысында АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп мойындауына байланысты мәлімдеме жасаған. Ол онда: «Біздің бастамамыз бойынша, желтоқсан айының 13-і күні Стамбул қаласында Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің басшылары бас қосатын болады. Онда олар Трамптың айтқандарына қарсы тиісті жол картасын қабылдайды. Дональд Трамптың Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындауының ешқандай заңдық негізі жоқ. Біз Иерусалимді жаулап алу мен тонаудан басқаны білмейтін террористердің мемлекетіне бермейміз. Біз күресті ары қарай жалғастырамыз» - деген.

Естеріңізге салайық, 6 желтоқсан күні АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп мойындап, Тель-Авивтегі Америка бас елшілігін Иерусалимге көшіру керектігін айтқан болатын. Дональд Трамптың бұл мәлімдемесіне БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне мүше 14 мемлекет қарсы шыққан.

“The Qazaq Times”