Қытайдың Хунань провинциасында, H7N9 аталатын құс тұмауы вирусының адамдарға жұғып жатқаны жайлы, Синхуа агенттігі хабарлайды.
Вирус Юэян қаласының 37 жасар тұрғынынан анықталды. Оның қазіргі жағдайы өте ауыр.
Қаңтар айының басынан бастап, осындай жұқпалы аурулардың құрбаны болып жатқандардың саны 16-ға жетті. Оның ішінде 5 адам бұл дерттен айыға алмай, қайтыс болған. H7N9 құс тұмауының вирусы Хунань қаласынан бөлек, Гуандун, Гуйчжоу, Хубэй, Хэнань, Цзянси, Шаньдун, Шанхай, Гонконг және Макаода да анықталған.
Халықаралық Денсаулық Сақтау ұйымының дереккөзіне сүйенсек, құс тұмауы – құстардың инфекциялы, көзге көрінетін ешбір белгілері жоқ (сирек жағдайда, адамдар мен жануарларда өзін-өзі жайсыз сезіну, т.б. белгілері пайда болады) жұқпалы ауруларының бірі.
Журналист Самат Мұсаның Құс тұмауы жайлы жазған жазбасында былай делінген: «Құс тұмауы» вирусының фермалар арасында таралуына адамдар мен құрал-жабдықтар себепкер. Гонконгтегі 1997 жылғы "құс тұмауы" пандемиясын елдегі бүкіл үй құстарын жою арқылы ғана ауыздықтау мүмкін болған. Қазіргі кезде вирус бүкіл Азиядағы үй құстары арасында тарағандықтан, оның алдын алу мен жою анағұрлым күрделі.
Н5N1 (2006 жылдары Қазақстанның бірнеше қалаларында анықталған құс тұмауының түрі – ред.) вирусы алдыңғыларымен салыстырғанда аса мол аумақты қамтуы мүмкін. “Құс тұмауының” таралуына әсер ететін факторлар бақылауға алынбағандықтан, вирустың Азия арқылы трансмиссиясы бір мезгілде болып отыр. Тағы бір назар аударатын мәселе, “құс тұмауы” вирусының жылдам эволюциялануы келе-келе, оның адамнан адамға тікелей жұғу ықтималдылығын жоғарылатады. Ал мұндай жағдай орын алатын болса, оның ақыры үлкен қасіретке апарады». Бұл 2006 жылы жазылғанымен, әлі күнге маңыздылығын жоғалтпаған тақырып. Содан бері 11 жыл өтті. Бұл тұмауАзия елдерінде Самат мырзаның қауіптенген деңгейіне де жетті. Енді қайтпек керек?
"The Qazaq Times"