• Иракта теро актіден 25 адам қаза болды. Ирактың тероршылдарға қарсы тұру ұйымының берген ақпаратында, 22 желтоқсанда аталған елдің шығыс аймағы Мосулде автокөлікке қойылған жарылғыштан жай бұқара мен қауіпсіздік сақтау мүшелерін қосқанда, 25 адам қаза тапқан. Бұл терорлық шабуыл осы өңірде бір күннің ішінде бірнеше рет орын алды. Әлемдік ақпарат агенттіктері бұл туралы жарыса хабарлады. Қытайдың «Шинхуа» агенттігі жарылыс болған кездегі және оқиғада зардап шеккендер туралы фотолар жариялады.

  • 22 желтоқсан Ресейде Түркиядағы қаза болған (19 желтоқсан) елшісін ақтық сапарға шығарып салу салты ресми түрде өткізілді. Рәсімге Ресей федерациясының президенті Путин де қатысты және Еелшінің ханымына арнайы көңіл айтты.

http://bit.ly/2he43p2

  • 23 желтоқсан, Сирия үкіметінің әскери күштері Сириядағы азаматтық соғысында бетбұрыс жасағандығын мәлімдеді. Бүлікшілердің соңғы тобын ығыстырып шығарумен Сирия үкіметі Халеб әскери қалашығын толық бақылауға алғанын жариялады. Бұл Сирияның қазіргі президенті Башар Асадтың 6 жылдан бергі жеткен ең ірі жеңісі деуге болады. Бірақ, бұл Сирия азаматтық соғысы толықтай ақырласып, Халеб районы бүтіндей тыныштанды дегенді білдірмейді. Елдегі жағдай әзірге Сирияның қазіргі үкіметі тарапынан толық бақылануда.

http://bit.ly/2i4WQd7

  • Reuters-тің 23 жетоқсандағы мәлімдемесі бойынша 118 адаммен жоғалған ұшақ Мальтада қонды деп хабарлады. Мальтада қонған ұшақтың Либиядан ұшқан Airbus A320 кезекті Пан-Африка екенін мәлімдеді. Екі тероршы ұшақты жаратынын айтып қорқытқан.

http://bit.ly/2hEdeA3

  • Бірікен Ұллтар Ұйымының Бас Ассамблеясы 23 желтоқсан 2016 жылдан 2018 жылдар аралығындағы әлем елдері арасындағы даму және бейбітшілікті қолдау жөніндегі реттік бағамын жария етті. Соған сай алдағы үш жыл ішінде Қытай БҰҰ жарнасының 7,921 пайзын иелеген. Бітімгершілікті бағалау нәтижесінде 10,2 % көрсеткіш көрсеткен. Бұл таяу жылдардағы Қытайдың БҰҰ-ның даму және бейбітшілікке қолдау көрсету ісін бағалаудағы екінші реткі зор ілгер ісі деп хабарлайды «Шинхуа» агенттігі.

«The Qazaq Times»