Ресей президенті Владимир Путин «Украина мен Ресейдің арасына от салды» - деп мәлімдеді.
Желтоқсан айының 14-і күні Ресей басшысы Владимир Путин баспасөз мәслихатын өткізді. Ол онда Украина журналисінің «Сіз өзіңіздің үшінші президенттік мерзіміңізді аяқтап жатырсыз. Алда келе жатқан сайлауда халық сізге дауыс бермей қоюы да мүмкін. Осыған байланысты сіз Донбасста тұтқынға түскен ресейліктерді қайтарып алғыңыз келмей ме? Егер президент сайлауында жеңіске жетсеңіз алдағы уақытта да Донбассқа байланысты абсуртты саясат ұстануыңызды жалғастыра бересіз бе?» деген сұрағына: «Донбасста болып жатқан жағдайдың трагедия екендігі сөзсіз. Мен онымен толықтай келісемін. Бірақ қай уақытта болмасын кез келген трагедияның неден шыққанына қарау керек. Бұл трагедияның бастауы қарулы, Конституцияға қарсы, мемлекеттік төңкеріс. Бұған Украина халқының жартысы қарсы шықты және күресті. Ал ол қарсы шыққандарды ел билігі демократиялық жолмен емес арнайы қызметтер арқылы, әскери күш көрсету арқылы басып, жаншуға тырысты. Донбасс аумағында Ресей әскері жоқ. Бірақ Донбассқа қарсы жүргізілетін кез келген шабуылды тойтара алатын армия құрылды. Көптеген адамдар Украина өз бетімен дамуы керек деп есептейді. Ол дұрыста шығар. Оған қарсы шығудың қажеті жоқ. Бірақ қазіргі таңда әлем басқа бағытта дамуда. Бізді, Ресей мен Украинаны екіге бөліп алды. Сосын арамызға от салды» - деп жауап берген.