Ресей президенті Владимир Путин Сүрияға ресми іс-сапармен барды – деп хабарлайды Интерфакс ақпарат агенттігі.
Бүгін желтоқсан айының 11-і күні Ресей басшысы Владимир Путин Сүриядағы Хмеймим әскери базасына барды. Ол онда Сүрия президенті Башар Асад пен РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездескен. Кездесу барысында Владимир Путин: «Соңғы екі жылдан астам уақытта Ресей қарулы күштері Сүрия әскерімен бірге халықаралық террорлық ұйымдардың басты күштерін талқандады. Осыған байланысты мен Сүрия Араб Республикасынан Ресей әскери контингентінің бір бөлігін елге қайтаруға шешім қабылдадым. Сіздер елге жеңіспен ораласыздар. Отанымыз сіздерді күтуде. Қызметтеріңізге рахмет» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін 6 желтоқсан күні Владимир Путин «Ресей әскері Сүрия аумағындағы лаңкестік ұйымдарды толықтай жеңді» деген болатын. Бірақ АҚШ Ресей басшысының бұл мәлімдемесін жоққа шығарып, Сүрия аумағында әлі күнге дейін мыңдаған содыр соғысып жатқандығын айтқан.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды