The Qazaq Times ақпараттық қоғамдық-саяси порталы ақпарат айдынына қосылғанына бір жыл толуына орай Алматыда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында бүгінгі БАҚ-тың түйткілді мәселелері жөнінде  «Ақпарат айдынында бір жыл: Қазақстан контентінде тәуелсіз БАҚ қалыптастырудың тәжірибелері мен проблемасы» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Шараға саясаттанушылар, БАҚ өкілдері және ІТ саласында жүрген мамандар қатысады.

The Qazaq Times ақпараттық қоғамдық-саяси порталы осыдан бір жыл бұрын қоғамның әр саласындағы тың ақпарат, танымдық ойларды қозғау мақсатында ашылған болатын және сол мақсатта жұмыс істеп келеді. Сайтымыз қазіргі заманғы қазақ мүддесін жақтауға, қорғауға барынша үлес қосуға тырысып келеді. Уақыты өтсе де мәнін жоймаған, көзден кетіп, көңілден көмескілене бастаса да маңызын сақтаған танымдық ой, тағылымды сөз, тартымды оқиғаларды жаңғырту да сайттың бірден бір мақсаты.

Сондықтан The Qazaq Times порталы қазіргі кезде әлемде болып жатқан жедел ақпараттарды дер кезінде жеткізуге тырысып және түрлі деңгейдегі саяси, экономикалық, ғылым-техника бағытындағы салмақты оқиғаларды сауатты сараптап, оқырмандарына қажет ақпаратты ұсынып келеді және осы арқылы басқа ақпарат көздеріне үлгі болуды көздейді.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Ұлттық кітапхана ғимараты, Нәзира Дәулетова атындағы көрмелер залы (Абай даңғылы, 14)

Күні: 20 желтоқсан 2017 жыл

Уақыты: 15:00

Байланыс телефоны: +7 777 000 0042, +7 777 809 9890

“The Qazaq Times”