Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, әлем экономикасы жемқорлық салдарынан жыл сайын 2,6 трлн доллар жоғалтады. Ал оның ішінде пара көлемі 1 трлн долларды құрайды, деп хабарлайды Риа Новости. 

"Жыл сайынғы пара көлемі бір триллион теңге шамасында. Ал жалпы әлемдік экономика жемқорлықтан жылына 2,6 трлн долларды жоғалтады. Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының мәліметінше, дамушы елдерде жемқорлық салдарынан болатын шығындар елді дамытуға кететін шығындардан 10 есеге көп", - делінген БҰҰ сайтындағы хабарламада.

Transparency International мәліметіне сенсек, Ресей, Украина және Қазақстан сыбайлас жемқорлық индексі бойынша әлемде 131-ші орында екен. Биылғы жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы мен БҰҰ-ның даму бағдарламасы білім беру, денсаулық сақтау, сот пен демократияға жемқорлықтың қалай әсер ететінін түсіндіруге арналған бірлескен кампаниясын дайындаған.

Осылайша БҰҰ пара алу "кез келген қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына кедергі келтіретін ауыр қылмыс екенін, дегенмен ешбір ел жемқорлықтан сақтандырылмағанын" айтады.

“The Qazaq Times”