2017 жылдың қараша айында қазақстандық мұнайдың тоннасы 45,5 мың теңгені құрады.
Өткен айдағы бағамен салыстырғанда қара алтынның құны 0,3%-ға арзандаған. Қазан айындағы есеп бойынша, мұнай жыл басынан бері 17,1%-ға қымбаттаған болатын.
Статистикалық мәліметтерге сенсек, қараша айында ең қымбатқа сатылғаны -қызылорлалық мұнай. Бұл өңірдегі мұнайдың тоннасы өткен айда 67,5 мың теңгеден сатылған. Жыл басынан бергі өсім 27,6%-ды құраса, бір айда 5,7%-қа қымбаттаған.
Ал Ақтөбе мұнайы қараша айында 1,9%-ға (тоннасы 51,8 мың теңге), Атыраудікі 0,3%-ға (тоннасы 42,6 мың теңгеге дейін), ал маңғыстаулық мұнай бағасы 3,1%-ға (42,1 мың теңге) төмендеген.
Бензин бағасына келер болсақ, өткен айда жанармайдың тоннасы жыл басынан бері 9,7%-ға қымбаттап, 136,2 мың теңгеге жетті.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?