Францияның батыс бөлігінде орналасқан Mothe-Chandeniers қамалы интернет қолданушылардың қаржысының көмегімен сақталып қалды. Судың ортасында орналасқан тарихи ескерткіш күтімсіз қалып, күйреудің аз алдында тұрған болатын. Краудфандинг жүйесі бойынша халықтың қаржысы есебінен енді мәдени мұра жаңартылатын болады. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі арнайы репортаж жасады.
Mothe-Chandeniers - 13-ғасырда салынған тарихи ескерткіш. Ол өз дәуірінде патшаға жақын дәулетті Боссе әулетіне тиесілі болған. Орта ғасырда екі рет ағылшындардың қол астына өтіп, Францияның иелігіне қайтарылған ғимарат. Ерекше архитектурасы мен көптеген белгілі оқиғаларға куә болған сан ғасырлық тарихи маңызы үшін француз халқы ғимаратты сатып алып, реставрациядан өткізетін болды.
Краудфандинг жобасын бастаған ұйымдастырушылардың ортақ есепшотына ғаламтор арқылы мәдени мұраға жанашырлық танытқан азаматтар әрқайсысы кемінде 51 еуродан аударып, 500 мың еуро қаржы жинаған. Енді бұл қамал ақша аударған үлескерлердің барлығына тиесілі.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?