Алматы қаласында ҚР ҚК-нің 256-бабының 1-бөлігінде қарастырылған (терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген қылмыстық іс аясында бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД баспасөз қызметі.
Мәліметтерге сенсек, А.Жұмағұлов, О.Омыров және К.Әбішевтерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы туралы шешім қабылданды.
Тергеу болжамы бойынша, аталған тұлғалар тіркелмеген қоғамдық ұйым атауын жамылып, Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзуға, халықты үрейлендіруге, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жұмысына іріткі салуға бағытталған акция әзірлеген.
Өздерінің қылмыстық жоспарларын іске асыру үшін күдіктілер үгіт-насихат материалдарын дайындап, «қарулы жиһад» құруға шақырған бейнеүндеу жазған.
Өзінің анонимді бейнехабарламасында бетперде киген азаматтар, Қазақстанда тыйым салынған «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік партиясының символикасы мен қаруларды қолға алған күйі жаппай құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасауға шақырған.
Бұдан басқа, күдіктілер өзіне сыбайластар жинап, өз іс-әрекеттерінің жазасыздығын қамтамасыз ету үшін анонимді қоңыраулар шалып, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелеріне зәбір көрсету туралы қоқан-лоққы көрсетілген бейнероликтер жіберіп, акциялар өткізуді жоспарлаған.
Тергеу болжамдарының бірі бойынша, аталмыш топ қазақстандық сот төрелігінен шетелде жасырынып жүрген қылмыстық элементтердің нұсқауы бойынша әрекет етіп отырған
Қазіргі таңда Жұмағұлов, Омыров және Әбішев Алматы қаласының ІІД тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу аясында қылмыстық топтың басқа да қатысушыларына қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселелер шешілуде. Істің мән-жайын анықтауға арналған тергеу амалдары жүргізілуде.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?