Велосипедпен саяхат жасайтындар үшін жаңа новигаторлық құрал – Beeline гаджет ойлап табылды. Ол тек кәсіби велошабандоздар үшін ғана емес, қарапайым халық үшін де жол көрсетуші құрал ретінде қызмет етпек. Бұл туралы Naked-science хабарлайды.
Көптеген велошабандоздардың ойынша, көлікжүргізушілеріне қарағанда, олардың қозғалыс бағыты еркін. Егер сіз де осы көзқарасты дұрыс деп есептесеңіз, жаңа Билайн гаджет сіздің көңіліңізден шығады. Бұл навигаторлық құрал барлық бағыт-бағдарды (сіз тұрған жерден, баруға дейінгі) көрсетеді. Алайда, қолданушылар маршрутты өзі дайындап алуы қажет.
Бұл гаджетпен жұмыс жасау үшін, алдымен, смартфондар арқылы белгілеу пунктін енгізу қажет. Ол арқылы соңғы барар жеріңізде жазып қана қоймай, оған дейінгі аялдамаларыңызды өзіңіз белгілеп аласыз. Смартфонды алып тастағаннан кейін, навигацияға тек қана Beeline жауап беретін болады.
Гаджеттің мына заттардан тұрады: электронды қағаз технологиясымен жасалынған дисплей; корпус; велосипед рөліне бекітетін құрал. Экранда бағдар мен арақашықтықты көрсетіп тұратын, сағат тіліне ұқсас тілі бар. Толық картаны көрсете алмағанымен, қай бағытта жүру керек екендігін көрсетіп тұрады. Құрылғының ішінде магнитометр, акселерометр мен гирскоп бар. Олар да қозғалыстың бағытын бақылау үшін қажет.
Айте кететіні, жаңа гаджеттің ылғал мен шаңнан сақтандыратын құрылғысы бар, қуаты (аккумуляторы) толық болған жағдайда 30 сағатқа дейін жетеді.
Қазіргі уақытта өндірушідер аталмыш Beeline гаджеттерді сатылымға шығарды және әрбір гаджеттің құны – 120 АҚШ доллары.
"The Qazaq Times"