2018 жылдың көктемінде Белорусьта криптовалюта биржасы іске қосылмақ, оның сауда-саттығы беларусь рублі арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды "Российская газета".
Басылымның мәліметінше, биржа жұмысы exrate.by сайтында жүргізіле бастайды. Қазіргі кезде мұнда сауда басталғанға дейін кері санақ жүйесі ғана жұмыс істеп тұр.
Әзірге биржа және оны құрғандар туралы нақты ақпарат жоқ, ал forklog.com басылымы биржа жөнінде "Кеден одағындағы қаражаттарды заңды түрде енгізу және шығару мүмкіндігі бар бірінші орталықтандырылған криптовалюта биржасы" деген мәлімет келтіреді.
Сондай-ақ, аталған платформада стандартты айырбастау және сауда операцияларынан бөлек беларусь рублін де енгізу мүмкіндігі болады.
Бұған дейін Беларусь Ұлттық банкі тауарлар мен қызмет көрсету бойынша криптовалютамен есеп айырысуды заңдастыруды әлі қарастыра қоймайтындарын мәлімдеген еді.
Айта кетейік, Қазақстанда да криптовалюта мәселесі соңғы уақытта жиі айтылып жүр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев маусым айында Астана экономикалық форумында криптовалюта тақырыбын қозғаған еді. Алайда ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев болса "Мен криптовалютаның не екенін әлі түсіне қойған жоқпын" деп қысқа қайырған еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?