ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 25 қазан күні Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында криптвалютаның не екенін әлі түсіне қоймағанын мәлімдеді.
"Мен криптовалютаның не екенін өзім әлі күнге онша түсіне қойған жоқпын. Бұл не ортақ қалыпты эмитенті, не бірыңғай орталықтандырылған органы жоқ құрал. Тіпті ештемеге тіркелмеген және оның құны спекулятивті операцияларға негізделген. Сондықтан адамдар инвестициялағысы келетін мұндай активтердің сақталуын ешкім қамтамасыз еткісі келмейді. Ал егер бұл "көпіршік жарылып кетсе" инвестициялап отырған адамдарға не болады? Содан кейін олар мемлекетке келіп "Неге бізге бұл туралы алдын ала ескертпедіңіздер?" деуі мүмкін ғой", - деді Ақышев.
Осылайша бас банк басшысы қазақстандықтарға мұндай операциялардың қауіпті екенін ескертті. Ол сондай-ақ, Ұлттық банк тарапынан үкіметке криптовалюта жүйесімен айналысып жүрген компанияларға және криптовалютамен ұлттық валюта арасында есеп жүргізуге тыйым салу туралы ұсыныс жасалғанын атап өтті.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?