Ресейдің Челябі қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы кезінде екі ел бірнеше ынтымақтасытқ туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Хабарланғандай, форумның қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылған:
- Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемесі;
– 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге Хаттамаға қосымша хаттама;
– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалының жұмыс істеуі туралы келісім;
– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы – Омбы – Новосибирск-2» және «Омбы – Павлодар» магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісім;
– 2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін жалға алу жағдайында «Байқоңыр» ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;
– 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттама;
– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2018-2023 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығының бағдарламасы;
– «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы мен «Транснефть» жария акционерлік қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
– Ақтөбе облысы әкімдігі мен «Русская медная компания» акционерлік қоғамы арасындағы Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум;
– «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы мен «Российский экспортный центр» акционерлік қоғамы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.