Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге эпиемдияның алғаш басталған кезеңінде Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдірді.
«Ресей қайтарымсыз негізде дәрі-дәрмек заттарын жеткізіп, тест-жүйесін ұсынды. Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға жан-жақты көмек көрсетті. Бірнеше апта бойы ресейлік дәрігерлер қазақстандық әріптестерімен иық тірестіре жүріп, ең күрделі өңілерде жұмыс істеді. Өздерінің кәсіби міндеттерін адал атқарды. Тәжірибелерін және білімдерін бөлісті. Осынау кезеңде ынтымақтастығымыздың жеке маңызды кезеңі біздердің жүзбе-жүз уағдаластығымызды жүзеге асыру үшін Қарағанды фармацевтикалық кешені базасында Спутник V ресейлік вакцинасы өндірісінің іске қосылуы болды. Мұның барлығы да Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі, одақтасы екендігін дәлелдеді» деді Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысып жатқан Тоқаев.
Аталған форум бейнеконференция режимінде өтіп жатыр. Былтыр бұл дәстүрлі жиын пандемияға байланысты кейінге шегерілген еді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті