Йеменде гуманитарлық дағдарыс ушығып тұр. БҰҰ өкілі егер жуық арада елге сырттан арнайы көмек жеткізілмесе, Йеменде соңғы онжылдықтарда әлемнің еш жерінде болмаған ең үлкен аштық басталғалы тұр. БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық сұрақтар бойынша көмекшісі Марк Лоукок Сауд Арабиясын Йеменге қойған әуе, жер блокадаларын алып тастауға шақырды. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Йемендегі Хаути басқыншы топтарының Эр-Риядқа қарсы баллистикалық қару қолданған оқиғасынан кейін, шекара мен әуе кеңістігін жауып тастаған Сауд Арабиясы бұл Иранның бүлікшілерге қару-жарақ пен азық-түлік жеткізуін тоқтатады деп отыр. 2015 жылдан бері Сауд-Арабиясы басқаратын коалицияға қарсы күрес жүргізіп келе жатқан басқыншы топпен байланысы жоқтығын айтқан Иран өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартты.
БҰҰ жағдай реттелмесе, 7 млн йемендік аштыққа ұшырайды деп отыр. Елде жұмыс істейтін "Қызыл Крест" ұйымы сүзек ауруы вирусын залалсыздандырудағы ең басты қажеттілік - хлор тасымалының тоқтатылғанын айтады. Ал Йеменде 900 мың адам сүзекке шалдыққан. Мұндағы халық негізінен гуманитарлық көмектің есебінен ғана тіршілігін жалғастырып отыр. Блокада әсерінен енді халықты аман сақтауға көмектесетін азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу мүмкін емес.