«Америкалық ғалымдардың айтуынша, бүлдіршіндер мен жасөспірімдердегі тыныс демікпесі  семіздіктің пайда болуына әкеліп соғады», – деп хабарлайды BBC.com. Зерттеу жұмыстары American Journal and Critical Care Medicine баспасөз беттерінде жарияланды.  

Тыныс демікпесі – кейде тыныс жолдары тарылып ауыратын, созылмалы ауру. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, 235 миллион адам, оның ішінде балалар да аталмыш дертке шалдыққан. Соңғы кездері ауырып жүргендердің патологиясы артық салмақпен байланыстырылады.  Себебі, осыған дейінгі зерттеудің нәтижесі бойынша, артық салмақтағы  емделушілердің 52 пайызы  тыныс демікпесіне шалдыққан.

Оңтүстік Корея университетінің ғалымдары жас аралығы 9,7-17,8 болатын 2171 баланы зерттеу нысаны етіп алған. Оның ішінде 13,5 пайызы демікпе ауруына шалдыққандар. Алғашында бірде-бір  адамда артық салмақ болмаған. Алайда 10 жылдың ішінде зерттеу нысандарының 15,9 пайызында семіздік пайда болған. Статистикалық анализ, тыныс демікпесімен ауыратын адамдардың семіздікке шалдығу қаупі 52 пайызға жоғары.

Физикалық белсенділік, әлеуметтік жағдай секілді факторлар бұл динамикамен байланысты емес екендігін көрсеткен. Зерттеушілер  балалардың денсаулығы және физикалық белсенділігі жайлы ата-аналарының сөзіне сүйенген.

Осы зерттеу жұмыстарынан кейінгі авторлардың қорытындысы бойынша,  "тыныс демікпесі" бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің семізідкке шалдығуына себепкер болады.

"The Qazaq Times"