 
                                    БҰҰ-ның кешегі отырысы балаларды қорғау тақырыбында болды. Жиының басталуы алдында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш мырза баяндама жасап, бұдан 30 жыл бұрын әлем лидерлері балалар үшін салтанатты түрде уәде беріп, бас қосқанын еске салды. БҰҰ мәліметтеріне қарағанда әлемнің билеуші лидерлері жағынан берілген көл-көсір уәделердің ешқайсысы да толық орындалмағандай.
БҰҰ таратқан мәліметке қарағанда, жаңа заман балалары үшін жаңа қорқыныштар көбейді. Айталық, біз балаларды климат өзгерісі қатерінен, ұзаққа созылған қақтығыстар, миграция және ғаламтордың теріс әсерінен қорғай алмай отырмыз. Соңғы 30 жыл ішінде балалар өлімі 60 пайызға азайған. Алайда, қазірдің өзінде миллиондаған балалардың тағдырына кедейлік пен аштықтан болатын өлім қатері төніп тұр. Бұдан тыс мектеп қабырғасын көре алмаған немесе зорлық-зомбылық әрекеттеріне ұшырап жатқан балалар саны да көп.
ЮНИСЕФ мәліметіне сенсек, балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырауы, білім ала алмауы, кедейшілікте өмір сүруі тағы басқа проблемалар түбегейлі шешім тапқан жоқ, сүйте тұра оған жоғарыда аталғандай жаңа қауіп-қатерлер қосылуда. Бұларды толығымен жою үшін әлем елдері ізгілікке құрылған ортақ саяси қадам жасауы керек дейді ЮНИСЕФ.
Балалардың қауіпсіздігі мен олардың қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеген зерттермен ғалымдар жалпы адамзат қоғамында болашағына деген жауапкершілік сезімінің әлсірегенін айтады. Айталық, біз балаларымызды қаншалықты жақсы көріп, баулығанымызбен біз оларға ластанған ортаны, таусылмас дау-дамайды, ақыры жоқ соғыстарды, жанжалдарды қалдырып отырмыз деп санайды. Олардың пікірінше, біз балаларға жаңа заман технология жетістіктерінің қатері туралы жетерлік ескерте алмай келеміз. Осылайша біз өзіміздің ұрпақтармыз алдындағы жауапкерліктен жалтарып отырмыз.












 
                                                        





 Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                     Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                     Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                     Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                     Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                     Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау