Қазір қоғамда латын әліпбиіне көшу туралы мәселе қызу талқыланып жатыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазан айында "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" жарлық шығарған. Алайда, әзірге дейін парламентке ұсынылған әліпби нұсқасы қоғамда қарама қайшылық тудырып отыр.
Еске сала кетейік, алғашқылардың бірі болып парламентте таныстырылған латын графикасына негізделген қосарланған әріптер қоғамда наразылық тудырған. Осыдан кейін ұсынылған 32 әріптен тұратын, апостраф арқылы белгіленген қазақ әріптері де қоғамда оң бағасын алған жоқ.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ әліпбиін латынға көшіру кезінде қоғамдағы пікірлер мен ұсыныстарға назар аудару керегі туралы өзінің Twitter әлеуметтік желісінде жазды. Ол: "Ұлттық комиссия латын әліпбиі бойынша қоғам талқылауындағы мардымды ұсыныстарды ескеруі қажет". Сонымен қатар, осыған дейін Елбасы айтқанындай, латын әліпбиін қолданысқа енгізуді кезең-кезеңімен іске асырған жөн", - деп жазған әлеуметтік желідегі парақшасында.
Мадина Керімқұлова


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?