Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының әуе компаниялардың керосин қажеттігін толық қамтамасыз ете алмауы және Ресейдің әуе кемелеріне арналған отынды экспорттауға тыйым салуы "Эйр Астана" әуе компаниясын алаңдатып отыр. Бұл туралы бүгін компания президенті Питер Фостер Алматыда өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
"Әуе керосиніне қатысты жағдай қиын. Сіздер түсіну үшін айтайын, Қазақстандағы әуе компанияларға айына 17,5 мыңнан 21 мың тоннаға дейін керосин қажет. Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауыты авиация нарығындағы сұраныстың үштен екі бөлігін ғана қамтамасыз етеді. Ал үштен бір бөлігін шетелден сатып алуға тура келеді", - деді Фостер.
Оның сөзінше, бірнеше ай бұрын Ресей ішкі нарықтағы сұраныстың артуына байланысты өздерінің ТС-1 керосинін экспорттауды шектейтінін мәлімдеген және бұл әуе отынына қатысты жағдайды ушықтырып жіберген. Бұдан бөлек әуе компанияның басшысы атап өткендей,"Қазақстанда бірде бір МӨЗ өзінің өндіріс қуатын ондаған жылдардан бері арттырмағандықтан, керосин тапшылығы тарихи проблема" болып отыр.
Ал осы мәселелерді шешу мақсатында "Эйр Астана" көптеген елдерден сатып алуға болатын JA-1 керосиніне өту туралы ұзақ мерзімді шешім қабылдаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?